Жамбыл облысының полицейлері ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын өткізуіне қырағылық танытуға шақырды
Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлауының 4 дерегі тіркелді. Осылайша, қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, 4 жасар бала үйде ата-анасының қасында отырып, олардың тарапынан тиісті назардың болмауы салдарынан төртінші қабаттың терезесінен құлап түскен.
Жазғы кезеңнің басталуымен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп 5 мыңнан астам ауланы аралауды жүзеге асырды. Полиция қызметкерлері үйдің шатырлары мен жертөлелеріне балалардың еркін кіріп-шықпауы үшін бекітілуін және құлыптарының болуын тексерді.
Ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларды ересектердің қарауынсыз ұзақ уақытқа қалдыруға жол бермеуге қатысты төрт мыңнан астам бүктемелер мен жадынамалар таратты.
Сонымен қатар, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың суға түсіп қаза болуының 4 дерегі тіркелді. Мысалы, ағымдағы жылдың 25 маусымында Тараз қаласында 17 жасар жасөспірім достарымен бірге Талас өзеніне шомылуға барып, суға батып кетті.
Кәмелетке толмағандар өлімінің себебі балаларына ересектер тарапынан тиісті назардың болмауы болды.
Балалардың өлімі мен жарақаттануын болдырмау үшін тәртіп сақшылары күн сайын су айдындарында және кәмелетке толмағандардың жаппай демалатын өзге де орындарында рейдтер жүргізді.
— Ата-аналарды қауіпсіздік ережелерді сақтауға және балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамын. Олардың жақын орналасқан тоғандары бар жерлерге өз бетінше баруына жол бермеңіздер. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау — әрбір ата-ананың басты міндеті, — деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Алишер Калышев.