Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Сарысу ауданын аралады

0 3
Сарысу  ауданынына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров іссапармен келді. Сапарды Жаңатас қаласындағы орталық жылыту қазандығының жұмысымен танысудан бастады. Бүгінгі таңда, коммуналдық қызметтер тұрақты тұрде жұмыс істеп тұр. Биылғы жылыту маусымы кезінде қазандық тұрғындарды жылумен қамтыды. Мұнан соң Нұржан Сәбитұлы Жаңатас қаласының кәріздік- тазалау ғимаратының жағдайымен де танысып, бақылап, атқарылған жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасарының сапары «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбыры құрылысымен танысумен жалғасты. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес іске асып келеді. Химиялық кешен жақын арада толық іске қосылмақ.
Бұдан соң, Жаңатас қаласындағы қайта жөндеуден өтіп жатқан 2 шағынаудан №32,33 тұрғын үйлерінің, «Үш алып» ғимараты мен жақында ғана пайдаланылуға берілген 6 шағынаудан №11/3 тұрғын үйлердің жұмысымен танысты. Бүгінде 2 шағынаудандағы №32,33 тұрғын үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын болса, «Үш алып» ғимаратында құрылыс қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар, Нұржан Календеров «Сарысу ауданы, Ақкөл көлінен қуаты 400,0 мың тонна құрайтын кальцийленген сода зауытының шекарасына дейін су құбырын салу» жобасының құрылысымен танысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары сапар барысында аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.