Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына шектен тыс салмақ түсірген облыстар белгілі болды

0 2

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер Kazinform сауалына жолдаған жауапта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына шектен тыс салмақ түсіріп отырған облыстарды атады.

Ведомствоның дерегіне сүйенсек, аталған қор жыл сайын 1 миллионнан астам азаматқа әлеуметтік тәуекелдің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлем береді. Оның 82%-дан астамы бала күтіміне байланысты төлемдерге тиесілі.

Министрліктің ақпараты бойынша, 2024 жылы 15 өңірде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға берілген әлеуметтік төлемдер көлемі әлеуметтік аударымдар түсімінен асып түскен.

Айта кетсек, жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Светлана Жақыпова жүктілік және босануға қатысты асыра төлем алған 113 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Министрлік жүктілік пен босану төлемдерінің сомасын үлкейтудің әдістерін үйрететін консультациялық қызметтердің үстінен шағым түсірген.

Сондай-ақ былтыр күзде Антикор Шығыс Қазақстан облысында 780 әйелдің декреттік төлемді арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін анықтаған болатын.

Еске салайық, биыл әлеуметтік саладағы төлемдер көлемінде қандай өзгерістер болатыны жарияланған еді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.