2028 жылға дейін өңірде 82 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде

0 8

Жамбыл облысында 2025-2028 жылдар аралығында құны 3,6 трлн. теңгені құрайтын 82 инвестициялық жобалар базасы қалыптасты. Онда барлығы 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылуы көзделуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңда 3,1 трлн. теңгеге 62 инвестициялық жабалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде өнеркәсіп саласында 1,7 трлн. теңге болатын 36, ауыл шаруашылығында құны 48,4 млрд. теңгелік 17 жоба;электр энергиясы бойынша 1,3 трлн. теңгеге 2 жоба, туризм саласында 11,6 млрд. теңгеге 7 жоба бар. 2025 жылы жалпы құны 175,2 млрд. тенгенің 30 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда (оның ішінде 81, млрд. теңгеге, 21 жоба «Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға» енгізілген).
Өнеркәсіп саласында 36 жобаның ішінен облыстың индустриалды және әлеуметтік дамуына әсер ететін біршама инвестициялық жобалар бар.
Оның ішінде «Shagala Mining» ЖШС мыс өндіру жобасы, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС күкірт қызқылы және минералды тыңайтқыштар, «Talas Investment Company» ЖШС және «Altynalmas Reagents» ЖШС натрий цианиді өндірістері, «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС сутегі тотығы, «JVictor New Energy» ЖШС кремний өндірісі, «QAZAQ SODA» ЖШС кальцийлендірілген сода өндірісі және «Yonggang Iron and Steel Group Co.,Ltd» ЖШС металлургия өндірісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.