Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Соғыс жылдарындағы әндер» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.
Өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында өткен байқау қосымша білім беру орталықтары мен орта білім беру мектептерінің 10-13 жас аралығындағы оқушылар арасында өкізілді. Жауынгер тұлғалардың ерлігін ән-жырға арқау етуге арналған байқауға 17 оқушы қатысып, өз өнерлерін паш етті. Шара барысында өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді жанды дауыста орындап, өзара бақ сынасты. Байқау қорытындысына сәйкес, бас жүлдені Кеңес ауылы, №3 орта мектебінің оқушысы Орынбасар Сағадат иеленді. Сондай-ақ, қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан диплом және Алғыс хаттар табысталды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.