Жас ұрпақ бойына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті, табиғатқа ұқыпты, жанашырлықпен қарауға жəне жауапкершілік сезімін кішкентай кезінен қалыптастыру — уақыт талабынан туындап отырғаны шындық. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге экологиялық білім мен тəрбие берудің маңызы зор.
Жақында балабақшамызда «Балабақша жағдайында тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Оның басты мақсаты — » Ecolab» жобасын жүзеге асыру, мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, балаларды табиғатқа саналы және жауапкершілікпен қарауға баулу, ата-аналарды тәрбиелеу-білім беру процесіне тарту міндеттерін жүзеге асыру.
Алдымен шара қатысушылары “Табиғатты қорғауды өзімізден бастайық” атты ата-аналармен бірге жасаған көрмені және музыка жетекшісі Ольга Трибунцеваның сүйемелдеуімен балалардың өнерлерін тамашалады.
Айтулы шараның ашылуында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ботакөз Алимбекова кіріспе сөз сөйлеп, жас ұрпаққа экологиялық білім берудің маңыздылығын атап өтті. Балаларды сауықтыру-шынықтыруға арналған “Тұзды шахта” және Гидропоника бөлмесін ашып, арнайы бөлмелерде балалардың зерттеу жұмыстарын, сауықтыру іс-шараларын жүргізудің маңыздылығына басымдық берді.
Әрмен қарай әдіскер Асия Нурадинова “Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық тәрбие мен мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында баяндама жасады. Бұдан кейін тәрбиешілер Нурзада Сарсенбекова мектепалды тобымен ”Экологиялық ертегілер арқылы тәрбие беру”, Анар Садыбаева ортаңғы топпен “Экоқолөнер балалармен бірге жасаймыз”, Назерке Абилсеитова ересек тобымен “Ұлт қазынасы және экология” тақырыптарыда ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекетін көрсетті.
Бұдан бөлек қатысушылар балабақша ауласындағы бау-бақша, “Тұзды шахта”, “Тұз-табиғат сыйы”, тәрбиеші Гульданай Самекова “Ecolab”, тәрбиеші Умиткуль Темирбаева “Жасыл әлемді өз қолымызбен жасаймыз” атауларымен балалармен тәжірибе көрсетті. Мұнда бақша бүлдіршіндерінің табиғат-анаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін көріп, қоршаған ортаны қорғауға, көркейтуге деген ниеттеріне разы болды. Тәрбиеші Назерке Әкімбай “Кішкентай жүректерге үлкен табиғат махаббаты” тақырыбында педагогтармен шебер-сыныбын өткізіп, жарамсыз заттардан әртүрлі бұйымдар жасады. Педагог-психолог Ляйла Кенжекулова “Адам табиғатпен өмір сүреді” атты экологиялық-психологиялық тренинг өткізді. Жалпы өткізілген іс-шаралар барысында балалардың туған өлкенің табиғатына мейірімділікпен, жанашырлықпен қарауы, айналадағы табиғи ортаның қалпын сақтау жауапкершілігін сезіне білу арқылы өз үлестерін қосатындығы олардың іс-әрекетінен көрініп тұрды.
Шара соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылды. Педагогтар семинардан озық әдістерді үйренгендерін айтып, өз ойларымен бөлісті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.