Қордай ауданы батырлар мен ақындардың мекені. Бірлігі жарасқан ұлт пен ұлыстың ата қонысы. Тарихы терең өлкенің тұрғындарға берер тағылымы да бөлек. Ал өткенді білу қазіргі ұрпақ парызы. Осы бағытта аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Туған өлкенің тарихы» атты іс-шара өткізді.
Шараға Ескерткіштерді қорғау инспекторы Аида Тохобаева, «Қордай» Гуманитарлы-экономикалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Жанболат Көрпельдесов және аталмыш колледждің білімгерлері қатысты. Тамыры тереңде жатқан, небір құнды жәдігерлер сақталған аудандық тарихи-өлкетану музейі «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі», «Көне және орта ғасыр дәуірі», «Кеңес дәуірі тарихы», «Көрме», «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы», «Мәдени-этнографиялық тұрмыс-салт бұйымдары» деп аталатын алты көрме залынан тұрады. Музей қызметкері жастарды жылы шыраймен қарсы алып археология, этнография, өнер мен әдебиет, өлке тарихы туралы кеңінен мағлұмат берді. Экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттармен танысқан жастар музей қызметкеріне ризашылықтарын білдірді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі