Сарысуда «Ордабек ата» саябағы ашылды

0 5

Сарысу ауданында Медицина ғылымдарының докторы Сағындық Ордабековтің 75 жас мерейтойы на орай «Ордабек ата» саябағы ашылды.

Медицина саласында елеулі еңбек еткен Сағындық Ордабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған іс шаралар легі туған жерінде жалғасты. Жерлестері қадірлі қонақтарды Аққырқадағы аялдамада күтіп алып, киіз үй тігіп, дастарқан жайды. Келген қонақтар дастарқанна дәм татып, емен — жарқын әңгіме құрды.
Мерейтой иесі туып- өскен өлкесі Үшбас ауылына атбасын бұрып, «Ордабек ата бағы» саябағының ашылуына қатысты. Ашылуда аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, жаңа саябақтың ауыл тұрғындарының игілігі жолында тамаша қадам екенін айтты. Мұнан соң Үшбас және Әшір Бүркітбаев ауылынан, Жаңатас қаласының ағайындар атынан Мәлікомар Жылқыбаев, Серікбек Айтбайұлы және Бақдәулет Майхиев сонымен қатар, Сағындық Ордабековтың аға, жеңгелері Өмірбек ағай, Рабиға, Тиышкүл және Шәркүл апалар ізгі тілектерін жолдады.
Жаңа саябақтың лентасын аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, Тараз қаласынан келген ағайындар атынан Алтай Райқұлов, Шүкір Шораев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов Серік, Қазақстан Республикасының Құрметті депутаты, медицина саласының ардагері, Жаңатас қалалық алқа билер кеңесінің төрағасы Сағымбек Бегеев салтанатты түрде қиып, табиғатты аялауға, жақсылыққа ниет қылып шырша түптерін екті.
Қарымды қаламгер, дарынды дәрігерге ауылдастары ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Ағайындардың атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.