Аймақтық ассамблея жастары пәтерді қоқыстан тазартты

0 3

Жақсылыққа жұмылып, жаны жабырқағанға қол ұшын созу – жамбылдық Ассамблея жастарының басты ұстанымдарының бірі. Қайырымдылық шараларынан қол үзбейтін әулиеаталық ұйымның белсенділері бүгін тағы игі істің қасынан табылды. «Ассамблея жастары» РҚБ төраға орынбасары, жамбылдық жастар жетекшісі Хамида Турдыеваның бастауымен белсенділер «Плюшкин» синдромы бар 73 жасар қала тұрғыны Екатерина Бересневаның пәтерін 30 жылғы қоқыс қалдықтарынан тазартты.


Аталған ізгілікті іске Ассамблея жастары «Кислород SOS» қоғамдық бірлестігінің волонтерлік тобымен бірлесе жұмылды.
Аталмыш еріктілер тобының жетекшісі Азида Адылова мен Бауржан Базаров бастаған бірлестік өкілдерінің өңірдегі жақсылық шараларына үлес қосып жүргенін айта кеткен жөн.
Жалғызбасты кейуананың пәтерінде су, жарық жоққа тән. Бірнеше жыл «қажет болады» деген желеумен қоқыстарды арнайы қаптап, пәтер бөлмелеріне жия берген.
Қос ұйымның бірігуі нәтижесінде қарт әжейдің пәтері толық қоқыстан тазарып, қалдықтар арнайы көліктерге тиеліп, тиісті орындарға жөнелтілді.
Жылдар бойы көршілерінің көкейінде қалған тазалық мәселесі осылайша белсенділердің кірісуімен шешімін тапты. Бұған өз кезегінде көршілері де дән риза болысып, тазалыққа атсалысқан азаматтарға алғыстарын жаудырды.
Айта кетейік,жақсылыққа жұмылғандар қатарында Масаншы жастары қоғамдық бірлестігі және Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің жастары да белсене атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.