29 мамыр – 1 маусым күндері Қаратау ауылдық округіне қарасты Есейхан ауылында 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай жастар арасында бокстан турнир өтті. Қаратау ауылдық округі әкімдігі мен AMANAT партиясы «Қаратау» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен 2014 -2015, 2016 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирде осы ауылдық округ әкімінің жүлдесі сарапқа салынды.
Жарыстың ашылу салтанатында Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова сөз алып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң сөз алған AMANAT партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы, аудандық бокс федерациясының жетекшісі Д.Мәселбеков шараның маңыздылығын атап өтіп, жарысты өткізудегі мақсатын жеткізді.
Турнирге арнайы келген бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, КСРО-ның жастар арасындағы және Европа чемпиондары Рашид Кабиров пен Серік Өмірбеков бокс бәсекесінің құрметті қонақтары болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру, ауданда боксты дамыту мен спорттың осы түрін кеңінен насихаттау, бокс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың денсаулығын нығайту мақсатында өткен жарыс нәтижесінде ауданның намысын қорғаған № 32 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы 1 орынды жеңіп алды. Есейхан ауылының жас спортшыларынан құралған команда екінші орын биігінен көрінсе, Жамбыл ауданынан келген бокс құрамасы жүлделі 3 орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар мен жарысқа қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.