Еліміздің білім беру ұйымдары – негізгі және орта мектептерінде оқу жылы аяқталып мыңдаған 11 сынып оқушылары үлкен өмірге жолдама алды.
Алдарында үлкен мақсаттар мен үміттер тұр. Бұл – қорытынды мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсыру және еліміздің жоғарғы оқу орындарының студенті атану.
Осы ретте Қаратау қаласындағы №11 Сайлау округіне қарасты №1 Лицей мектебінде (бұрыңғы К.Маркс атындағы орта мектеп) оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілген Соңғы қоңырау салтанатты жиынға AMANAT партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы Д.Маселбеков қатысты.
Был жыл сайынғы мектеп ұжымымен дәстүрлі кездесуі партиядан сайланған аудандық мәслихаттың депутаты ретінде мектептің тыныс-тіршілігі басты назарда.
№1 Лицей мектебінде 22 оқушы бітіріп отыр. 1 оқушы – Буралхиева Махаббат Алтын белгіге үміткер болса, 3 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Оқу жылының қорытындысы бойынша оқу сапасы артуда.
Салтанатты жиында партия аудандық филиалының төрағасы мектеп ұжымы мен бітірушілерді құттықтап Алтын белгіге үміткер М.Буралхиеваға депутаттық шәкіртақы берді.
Ұжымға жетістіктеріңіз көп болсын деп тілейміз. Мектеп бітірушілерге АҚ жол!