Құтқарушы-көп қырлы мамандық. Ол жұмыстағы тамаша жетістіктерді ғана емес, сонымен қатар спортшының, педагогтың, психологтың қасиеттеріне ие болуды да қамтиды.
Тараз қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы» облыстық слетіне қатысқан А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның «Алау» командасы 1 — орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдаманы жеңіп алды.
Ия, құтқарушы — қауіпті де қадірлі мамандық. Аталмыш саланы нағыз ержүрек, батыл, өжет жандар таңдайтыны хақ.
Елімізде жыл сайын құтқарушы қызметін насихаттау, әрі төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған жас құтқарушылар сайысы өтеді.
Биыл облыстық кезеңде таластық оқушылар жеңіске жетіп, жоғарыда атап өткеніміздей келесі кезеңге жолдама алды.
Жеңісті жол тілейміз.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы