Тазалық — иманның жартысы. Бүгінде табиғатты аялау, тұрғындарды ауланы таза ұстауға шақыру мақсатында тазалық шаралары әсіресе ауылдық округтерде жиі қолға алынып келеді.
Осы орайда, Түркістан ауылдық округінде экологиялық волонтерлік бағыт аясында ‘Таза Қазақстан’ акциясы өткізілді.
Тазалық жұмыстары барысында волонтерлер қоғамдық жұмысшылармен бірлесіп елді мекен аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Сондай — ақ, ауыл жастары «Ақмолда» мешітінің аумағын тазалап, ішінің шандарын сүртіп, шөптерін шауып, қоқыстарды жинады. Шара соңында ауыл ақсақалдары жастарға алғыстарын білдіріп, олардың мұндай игі істерге жиі қатысуын тіледі.
Тазалыққа ден қойған Түркістан ауылдық округінің жастары осылайша акцияға белсенділік танытуда.