«Ақбақай» атты аймақтық ән байқауы өтті

0 4
Қазақ ән өнеріне тың жаңалық болып келген жерлесіміз, әйгілі әнші, ұлағатты ұстаз Амангелді Сенбиннің 80 жылдығына орай, ауданымызда кешенді шаралар легі басталды.
Бүгін Амангелді Сембиннің репертуарынан Талас, Созақ, Сарысу аудандары арасында «Ақбақай» атты аймақтық ән байқауымен жалғасты.
Өнер иесінің репертуарындағы әндерін насихаттау, қазақ мәдениеті мен әдебиетін, тілінің мәртебесін арттыру, Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан бағытында мәдениеттің, өнердің дамуына үлес қосу. Дарынды таланттарды анықтау, Әншінің репертуарындағы әндеріне заманауи қарқын беру мақсатында өткен байқау екі номинация бойынша ұйымдастырылды.
Сайыстың салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова құттықтау сөз сөйлеп, Амангелді Сенбиннің өмірі мен шығармашылығы туралы тілге тиек етті.
Шын таланттар сыналған сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды 13 маусым күні өтетін салтанатты шарада аудан әкімі Сәкен Мамытов марапаттайтын болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.