Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні. Бұл күн — адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, еңбектері еленетін сәт. Олардың халық денсаулығына қамқорлық жасауға талпынысы, кәсібилігі мен жанқиярлығы ерекше құрмет пен алғысқа лайық.
Бүгін әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. — Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз, біліктіліктеріңіз, адами құндылықтарға деген адалдықтарыңыз – денсаулық сақтау саласын алға жетелейтін басты күш. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен абырой тілеймін, — деді.
Әрі қарай кеш марапаттауға ұласып, ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін бірқатар сала мамандарын облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті. Мұнан соң, бірқатар сала қызметкерлерін аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев Құрмет грамотасымен, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева партияның Алғыс хатымен, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жандос Рысқұлов сала ардагерлерін Алғыс хатпен марапаттады.
Кеш соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне жалғасты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.