АРМАНҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР: 50 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

0 2

Мемлекет басшысы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы — бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», — деп атап өткен бастамасы балалар бақытын қолдауға бағытталған. Елімізде жыл сайын мектеп бітіруші түлектер арасынан білімді, үздік оқушылар «Алтын белгімен» марапатталып келеді.
Бүгін аудан орталығындағы №7 орта мектепте 2024-2025 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісін тапсыру рәсімі болып өтті.
Бұл мерейлі күн – ата-аналар мен ұстаздардың талай жылғы еңбегінің жемісі. Талабы мен таланты, білімі мен білігі тең түскен, бағы мен бабы қатар шапқан үздіктердің өз бағыттарын таңдайтын айшықты мезеті. Марапаттау рәсімінде аудан әкімі «Алтын белгі» иегерлерін үздік нәтижелерімен құттықтап, ақ жол тіледі.
— Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында. Шын мәнінде, бүгінгі жастар — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті Сіздердің білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуларыңыз ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады. Біз дарынды оқушыларымызды әрдайым мақтан тұтамыз, — деп «Алтын белгі» иелерін марапаттады. Оларға гүл шоқтары мен естелікке кітап табыстады.
Айта кетейік, биыл аудан бойынша 1075 оқушы мектепті бітірсе, оның 50-і «Алтын белгі» иегері атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.