Акцияның қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, үрдіске айналған тазалық жұмыстары қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосуда. Бүгін Жаңатас қаласы мен ауданға қарасты төңіректің санитарлық жай-күйін қалыпты сақтау мақсатында тағы бір ұйымдасқан тазалық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 4 шілде күндері аралығында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың бастамасымен қаладағы мекеме, кәсіпорын ұжымдарының, жалпы қала тұрғындары мен «Руханият» волонтерлық қозғалысының қатысуымен кең ауқымды «Жайнай бер-Жаңатасым» атты шағынаудандар ішінде тазалық акциясы басталды.
Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері мен ардагерлер де атсалысуда. Басты мақсат- қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қала көшелерінде шашылып жатқан, үйіліп көзге оғаш көрінетін қоқыстардан тазарту.
Акцияға мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, аудандағы этно-мәдени орталығының өкілдері, жастар, қала тұрғындары және еріктілер қатысты. Олар таңғы сағат 07.00-ден бастап, сағат 12.00-ге дейін қала көшелерінде, көп қабатты тұрғын үйлердің алдындағы қоқыстарды жинау, бордюрларды, талдарды әктеу, сыртқы есіктерді сырлап, ретке келтіру жұмыстарын атқаруда.
Сенбілік барысында қоғамдық орындар мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазаланды. Мемлекеттік мекеме ұжымдарының қатысуымен өткен тазалық шарасы ұйымшылдықпен өтуде.
1-шағынауданның тұрғыны Р.Біркенова өз сөзінде:
— Экологиялық шаралар арқылы біз қоршаған ортаға деген мәдениетті қалыптастырамыз. Тазалық – иманның жартысы екенін де, денсаулықтың кепілі екенін де бәріміз білеміз. Бірақ біле тұра еңкейіп еңбек етуге ерініп, тым болмаса ауламызды жинауға ерінетін кездер болады. Ал кейбіреулер тіпті мекеме қызметкерлеріне сенім артып, өз үйінің көше бетін сыпырып, қоқысын алуға немқұрайлы қарайды.
Туған жеріміздің тазалығы әр адамға парыз болса, аталмыш акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ. Осы мақсатта бүгін ауданда тазалық жұмыстары өтуде. Игі шараға атсалысып жатқандарыңызға мың алғыс. Қаламызда таза бейсенбілік, сенбілік өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Сондықтан да, «Жайнай бер Жаңатас» акциясы басталғалы қала тұрғындары оған белсенді қатысуда. Қазіргі таңда барлық еңбек ұжымдары, қала халқы бастамаға қолдау білдіріп жатыр. Ауқымды акцияның басты мақсаты-аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. Тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті. Тал-дарақтарының маңайын шөптен тазалап, қураған ағаштарды кесіп, шашылған қоқыстарды тазалады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара бүгінгі күні халықтың ыстық ықыласын, белсенділігін туғызды. Сондықтан қала, ауылдарымызды және қоршаған ортаны таза ұстаумыз керек,-десе, тұрғынның сөзін қоштаған зейнеткер З.Омарова:
-Қала және ауыл тазалығы отбасынан басталады. Десек те әлі күнге дейін бізде тазалық мәдениеті қалыптаспай отыр. Шынын айту керек, қоқысты кез келген жерге тастай беретін адамдар арамызда жетерлік. Тазалық басқаға емес, бірінші кезекте өзіміз үшін керек. Көктемде және күзде сенбілік ұйымдастырылғанда кейбір тұрғындар адамдары көше тазалығына араласпақ түгілі аула-жайларын жинамай, үй тазалығынан аспай жатады. Керек болса үйлерінен шыққан қоқысты подъезге тастап кететін, тіпті балконнан көшеге лақтыратын тұрғындар бар. Осындай жайттың куәсі болғанда іштей қынжыласың.
Тазалық жоқ жерде берекенің болмайтыны да анық. Қанша жерден сенбілік өткізіп, айналаны ретке келтіргенмен кейбір елге жаны ашымайтын, жандардың кесірінен кез келген жерде күл-қоқыстар қайтадан пайда болып жатады. Мұндай келеңсіз жайттарды болдырмау үшін баршамыз да тазалыққа оң көзбен қарап, бір кісідей атсалысқанымыз абзал.
Акцияға қатысушылар белгіленген аумақтарда, қоғамдық орындарға, аулаларға, мекеме ғимараттарының маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, күл-қоқыстардан тазартты. Сенбілік барысында саябақтарда егілген ағаш көшеттері суғарылып, күл-қоқыстар мен күнделікті қолданылатын тұрмыстық қалдық заттар сенбілік жұмыстарға арнайы бөлінген техникалар арқылы күл-қоқыс төгетін белгіленген орындарға шығарылды. «Тазалық- денсаулық кепілі»-дейді дана халқымыз. Сондықтан да өзіміздің тұрып жатқан қаламыздың, ауылымыздың тазалығын сақтап, тазаланған жерлерді ластамауға барынша көңіл бөлейік, ағайын. Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор,-деп өзінің ойын жеткізді.
Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, қала тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырамыз.
Айта кету керек, кеше, яғни аптаның сейсенбісі күні ауданымыздағы ірі кәсіпорын «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің кәсіпорын басшылары Серік Өтепбергенұлы мен Әділбек Шынайдарұлы бастаған кеншілер қауымы 2-шағынаудандағы 13-22 үйлердің айналасын және Әулие Ата мен Жібек жолы көшелерінің қиылысынан Сұлтанғазиев көшесіне дейінгі аралықтағы жерлерді, арықтарды тазалады. Ал, ірі кәсіпорынның бірі «ЕвроХим» ЖШС-і аптаның сәрсенбісі күні акцияға қатысып, 4-шағынаудандағы өздеріне белгіленген аумақты тазалайтын болады.
Әрине, тазалық жоқ жерде берекенің болмайтыны да анық. Қанша жерден сенбілік өткізіп, қоршаған ортаны, айналаны ретке келтіріп жатсақ та, кейбір елге жаны ашымайтын, санасы таяз жандардың кесірінен кез келген жерде күл-қоқыстар қайтадан пайда болып, тазаланған жерлер қайтадан ластанып жататындығы өкінішті.
Тазалық-дінде де ең бірінші талап етілетін шарттардың бірі. Құран сүрелерінде «Киіміңді таза ұста, жаман нәрселерді таста» деп нақты айтылған. Яғни, тек киімді ғана емес, күнделікті аяқ басып жүрген жерімізді, тыныс алып жүрген ауамызды таза ұстайық. Қазіргі таңда барлығы дамып, адамдардың да сана-сезімі, ойлау қабілеті, өмірге деген көзқарасы өзгерген. Көпшілік мәдениетті болуға, білуге ұмтылып келеді. Мәдениеттіліктің-бастауы-тазалықта. Аула таза болса, ауа да таза болатынын естен шығармағанымыз жөн.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.