Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар алуға биылғы жылдың бірінші легі 21 мамыр мен 3 маусым аралығында business.enbek.kz порталы арқылы 400 АЕК болатын грантқа 295 үміткерден өтініш келіп түсіп, 9-11 маусым аралығында үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жоғарыда көрсетілген 263 үміткердің ішінен 107 үміткердің бизнес жобасына мемлекеттік қайтарымсыз гранттың қаражаты тағайындалып, қалған 156 үміткердің бизнес жобасына мемлекеттік қайтарымсыз гранттың қаражаты тағайындалмады.
Мемлекеттік қайтарымсыз грант тағайындалған 107 үміткердің ішінде мүмкіндігі шектеулі – 19 үміткер, көпбалалы отбасы – 64 үміткер, асыраушысынан айырылған – 9 үміткер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 4 үміткер, ерекше бала күтімімен отырған – 11 үміткер.