Қоғам үшін ұстаз, дәрігер мен өрт сөндіруші қандай маңызды маман болса, еден жуушы мен көше тазалаушының маңыздылығы да дәл сондай. Қоғамның маңызды тіректерінің бірі саналатын тазалықшылардың жұмысы көзге көрінбегенімен, олардың атқарып жатқан қызметі орасан зор. Ауланы тазалау – тек жапырақ пен қоқысты сыпырып қою ғана емес, бұл – тәртіп пен мәдениеттің ең алғашқы баспалдағы. Осылай қоғам тазалығын сақтауға өз үлесін қосып жүрген жандардың бірі – Сарыкемер ауылының тұрғыны Меруерт Артикова. Жиырма үш жыл ақылы қоғамдық жұмыста қызмет атқарған кейіпкеріміз, өткен жылдан бері «AMANAT» партиясы аудандық филиалында ауланы тазалаушы қызметінде жүр.
– «Бұл жұмыс мен үшін тек табыс көзі емес. Мен күнде ертемен тұрып, аула тазалауға шыққанда, өзіме үлкен жауапкершілік жүктелгенін сезінемін. Өйткені, мен тазалаған аулада қоғам өмір сүреді», – дейді Меруерт апай.
Ауланы тазалау – ауыр еңбек. Қыста боранмен арпалысу, жазда шаң мен желге төзу, күзде жапырақпен күресу – мұның бәрі физикалық та, моральдық та төзімділікті талап етеді. Бірақ Меруерт апай бұл қиындықтарға еш мойымайды. Керісінше, әр күнін ерекше мәнмен өткізеді.
Сондай-ақ, аула сыпыру – абыройлы міндет. Бұл қызметті екінің бірі жүрекпен істей алмайды. Мұнда тек табандылық емес, тазалыққа деген сүйіспеншілік қажет. Аула тазалаушы – біздің ортақ өміріміздің айнасы. Егер айналаң тап-таза болса, ішкі әлемің де жарқырап, көңілің көтеріліп тұрады.
Сондықтан біз, аудан тұрғындары, осындай елеусіз қалған еңбек иелеріне құрметпен қарауымыз керек. Қоқысты қоқыс жәшігіне тастап, ауланы ластамау – ең алдымен, осы жандардың еңбегіне деген құрметіміздің көрінісі.
Тазалық – тек бір адамның жұмысы емес, бұл – бүкіл қоғамның мәдениетін көрсететін көрсеткіш. Ал, ауланы тазалаушы – сол мәдениеттің күзетшісі.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы