Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев ауданға жұмыс сапарымен келді. Қостөбе ауылдық округіндегі «Айымкүл» жеке кәсіпкерлігі салып жатқан көкөніс сақтау қоймасының құрылыс нысанында болып, кәсіпкермен кездесті.
Жоба «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,5% жеңілдетілген несиемен қаржыландырылуда. Қойманың өндірістік қуаттылығы – 10 мың тонна. Кездесу барысында өнімді қабылдау, сақтау технологиялары мен салалық тәуелділіктер талқыланды. Халық қалаулысы Көктал ауылындағы «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ-ның Жамбыл филиалына қарасты құс фабрикасының жұмысымен танысты. Жоба толық іске асырылғанда жылына
70 800 тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Мұнда заманауи технологиялармен жабдықталған өндірісте құс өсіру көлемі мен сапасы жылдан жылға артып келеді.
Бұдан әрі Жалғызтөбе ауылдық округінде орналасқан «KEMER АGRO» ЖШС-нің құс қиы мен қой жүнінен органикалық тыңайтқыш және ланолин шығару өндірісіне барып, кәсіпорын ұжымымен кездесті. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу арқылы органикалық тыңайтқыш өндіру жобасының барысын талқылады. Депутат бұл бастама экологиялық тиімділікті арттырып, ауыл экономикасын дамытуға серпін беретініне назар аударды.
Іссапар соңында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында болып, ондағы жұмыстармен танысты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі