Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Жібек жолы ауданы бойынша ұйымдастырылған “Үлгілі аула, таза көше” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарды табыстады.
Байқау қорытындысы бойынша III орынды Клара Цеткин көшесінің, ІІ орынды “Cолнечный” алқабы, № 56 үйдің, І орынды Целиноград көшесінің тұрғындары иеленді.
Бас жүлде “Алатау” (8) шағын ауданы, 13 үй мен Заречная көшесі 2- бұрылысының тұрғындарына бұйырды.
Сонымен қатар аудан аумағында өткізілген санитарлық тазалық шаралары мен көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысқан мекемелер мен олардың қызметкерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен түйінделді.