Тоғызкенттіктердің талап-тілегі тыңдалды

0 3

Аудан әкімі Сәкен Мамытов Тоғызкент ауылдық округіне қарасты Әбілда ауылында халықпен есеп беру жиынын өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы ауылдағы ахуалды баяндап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарға тоқталды.

Әрбір мемлекет өзінің болашағы мен келешегін – ұрпақтары алған сапалы білімі мен тағылымды тәрбиесінен күтеді. Бұл мақсатта мектеп пен отбасы арқылы осы маңызы терең, мәні жоғары шараны бір сәтте назардан тыс қалдырылмаған. Ағымдағы жылы 617 млн. теңгеге білім беру нысандарына қатысты 5 жоба іске асырылуда. Биыл Тоғызкент ауылындағы «Жанна» бала бақшасы мен Шағалалы орта мектебіне блок — модульді газ жүйесін салуға 29 млн. теңге бөлінді. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл жұмыстар толық аяқталатын болады.

Жиында әртүрлі сала бойынша мәселелер қозғалып, шешілу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.