Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары тұрғындар тарапынан да үлкен қолдау тауып, жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Біз өмір сүріп отырған ортамыздың келешегі мен көркеюі – салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ өсірумен, экологиялық таза қоғамда өмір сүруімізбен тікелей байланысты болғандықтан санитарлық тазалық мәселесі аудан басшылығының назарынан тыс қалған емес.
Бүгін аудан әкімдігінің «2025 жылдың 1 қыркүйегінен 31 қазанға дейінгі аралықта қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығын өткізу туралы» Қаулысына сәйкес, «Сарыкемер-Тараз», «Сарыкемер-Ботамойнақ», «Сарыкемер-Диқан» автомобиль жолдары бойында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан әкімдігінің бөлімдері, ауыл, ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекемелер қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді жастар атсалысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында мекемелер мен бөлімдерге арнайы бекітілген учаскелерде бей-берекет жатқан қоқыс орындары алынып, ауданның кіреберістері тазаланып, шөптері шабылды, қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.