Цифрлық өзгерістер-уақыт талабы

0 5

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауына аймақтағы партиялардың облыстық филиалындағы белсенділері үн қосып, арнайы жиын өткізді.

Жиында облыстық мәслихаттың депутаты Алтай Райқұлов пен «Ауыл» партиясы «Ауыл жастары» жастар қанатының белсендісі Аққанат Саматқызы ойларын ортаға салып, өңірді дамытуда және Жолдауда айтылған басымдықтарды жүзеге асыруда партия белсенділері халық игілігі үшін еңбек ете беретінін тілге тиек етті. Ал «Respublica» партиясы облыстық филиалы Аймақтық кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан:
өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы талқыланып, мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну бойынша отырысы өтті. Партия облыстық филиалының төрағасы Айнұр Келімбетова:
«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан – батыл қимылдайтын уақыт. «Respublica» партиясы үшін бұл жай айтылған сөз емес – біз қабылдауға дайын үлкен сый. Біз – кәсіпкерлердің, креаторлардың, күн сайын өмірді жақсартып жүрген адамдардың партиясымыз. Біз жасанды интеллект пен технологиялар – болашақ емес, бұл бүгінгі күннің шындығы екенін білеміз. Егер біз жылдам қимылдамасақ, уақыт бізді шаң қаптырып кетеді. Елдің қозғаушы күші – бизнес. Кәсіпкерлерді цифрлық құралдар арқылы қорғау, ережелерді жеңілдету – басты міндет. Қазақстандағы жұмыс орындарының тең жартысын шағын және орта бизнес беріп отыр», – деді өз сөзінде.
Сондай-ақ партия аймақтық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрсұлтан Темірхан:
«Мемлекет басшысы көліклогистика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су ре сурст арын басқару мәселелеріндегі маңызды бағыттар мен мақсаттарды айтты. Өзім облыстық мәслихат депутаты ретінде халықпен жиі кездесемін. Әрбір сала бойынша көптеген мәселелерді сессияда көтеремін. Өңірлік деңгейде шешілмеген мәселелерді республикалық деңгейде партияның фракциясы арқылы шешудеміз. Мысалы, су мәселесі бүгінгі күні өте өзекті. Партияның төрағасы А.Ходжаназаров ауыл шаруашылық саласының маманы болған соң шаруаларға өнімдерін өсіруде судың жетіспейтіндігін жақсы біледі. Сондықтан да облысымызға келіп, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, каналдардың да құрылыс сапасымен танысып, шаруалармен кездескен болатын. Біздің партия барлық сала бойынша мәселелерді көтеріп, Жолдауды орындау бойынша жұмыстарды атқарады», – деді.
Сонымен қатар «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының директоры Берік Сайдулов ауыл шаруашылық саласын жақсы меңгергенін және ол бағытта нәтижелі жұмыстар атқару керектігін, жасанды интеллект арқылы салалардың қалай дамитыны туралы айтты. Жиында «Respublica» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Re.Women.Zhambyl» әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары, «SURET DESIGN» ЖШС шығармашылық мектебінің директоры Ақбота Мамбеталы, партия Т.Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы, «Құлан Агро» ЖШС директорының орынбасары, «СПК «Жасмин» ЖШС басшысы Асана Шокатаева, партия облыстық филиалы жанындағы «Re Jastary» жастар қанатының белсенді мүшесі Гүлнұр Қайратқызы пікірлерін білдіріп, Жолдауға байланысты басым бағыттарды айтып өтті.
Аймақтық кеңес отырысында партияға жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталып, партия белсенділеріне төрағаның атынан Алғыс хат берілді. Жиын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну бойынша партия облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына жалғасып, «Respublica» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының директоры Берік Садулов, ал Жуалы аудандық мәслихатының депутаттығына «Алатау» шаруа қожалығының төрағасы Нұрмаханбет Исаков ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.