Жібек жолының бойында орналасқан Тараз қаласы, Жамбыл өңірі тарихи орындар мен тұмса табиғатқа бай. Әсіресе Меркі шатқалы, Көксай, Топағаш сынды орындар туристердің қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ал келушілерге қызықты ақпарат ұсынып, ішкі туризмді дамытамын дегендерге жол ашық. Бұл бағытта жұмысын жандандырғандардың қатарында – Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының төрайымы, «Baiterek Travel Center» және «Каралма» туристік компанияларының директоры Балагүл Махатова да бар.
Ол көптеген жылдар бойы ұлттық құндылықтарды және туған өлкенің табиғи байлығын насихаттауға атсалысып келеді.
Балагүл Тахирқызының маңызды жобаларының бірі – Жуалы ауданындағы «Тобышақты» этноауылы. Мұнда қонақтар киіз үй қалашығында демалып, қонақүй қызметін пайдалана алады, қазақ халқының дәстүрімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, табиғат аясында тыныға алады. Болашақта бұл жерде спорттық-туристік аймақ пен заманауи тау-шаңғы базасын дамыту жоспарлануда.
Балагүл Махатованың айтуынша, жоба мәдени мұраны сақтауға, ішкі туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. «Мен жас ұрпақ ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін біліп, өз тамыры мен тарихын мақтан тұтса деймін», – дейді ол.
Балагүл Тахирқызы басқаратын «Baiterek Travel Center» компаниясы 2017 жылы Астанада өткен халықаралық «EXPO-2017» көрмесінің ресми туроператоры болды және Қазақстандағы үздік туристік фирмалар арасында үшінші орынды иеленді. Көрмені аталған компания арқылы 28 мыңнан астам адам тамашалады.
Кәсіпкердің пікірінше, туризмді дамыту – тек экономикалық әлеует қана емес, сонымен қатар елдің мәдени және рухани бірлігін нығайтудың маңызды тетігі. Балагүл Махатова сияқты отансүйгіш азаматтардың бастамаларының арқасында Жамбыл облысы ішкі туризмді дамыту бойынша еліміздегі әлеуеті зор өңірлердің біріне айналып келеді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.