Тамшылатып суғару – «жасыл экономиканың» негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Мұндай әдіспен суғару өсімдіктің түбіне дәл қажетті мөлшерде ылғал жеткізіп, артық су жұмсауға жол бермейтіндіктен, ауыз суды 30-40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ топырақтың тұздануын болдырмайды және эрозияға қарсы әсер беретіндіктен, аталмыш жоба ауыл шаруашылығында экологиялық таза әрі тиімді технология болып саналады. Сол себепті тамшылатып суару жүйесін енгізу – «жасыл экономиканы» дамытудағы маңызды әдістердің бірі. Облыста биыл 11 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізіліп, жалпы көрсеткіш 66,5 мың гектарға жеткен, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.
Шаруашалықтарға су үнемдеу технологияларын енгізген дихандарға 50 пайыз субсидия қарастырылған. Облыстық «Қазсушар» мен шаруа қожалықтары арасында 570 миллион текше метр суға 3,9 мың шарт жасалып, 460 миллион текше метр су жеткізіліпті.
-Облыс бойынша бақша дақылдары толық суғарылды, қазіргі таңда оларды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Көпжылдық шөптер кем дегенде екі реттен суғарылып, екі-үш рет орылды. Бүгінде қант қызылшасы, жүгері және көкөніс дақылдарына су айналымын жасау арқылы су беру жұмыстары жүргізілуде. Қазір Қазақстанда шамамен 200 мың гектарға жуық алқапта тамшылатып суғару қолданылады. Мемлекет шаруаларға субсидия беріп, осы технологияны кеңейтуге қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні дихандар тамшылатып суарудың жетістіктерін де көріп үлгерді. Атап айтар болсақ, тамшылатып суғару әдісі арықпен суғаруға қарағанда 30-40 пайыз аз су жұмсалады. «Тисе тасқа, тимесе бұтаққа» емес, дақыл түбіне тікелей ылғал берілетіндіктен өнім көлемі 20- 30 пайызға көтеріледі. Сонымен қатар суды жеткізу қиын алқаптарды егістікке қосуға жағдай жасап, тыңайтқышты да дәл мөлшерде жеткізуге мүмкіндік береді.Тамшылатып суғару – Қазақстан үшін болашағы зор, жасыл экономикаға тікелей үлес қосатын технология. Бірақ оны кеңінен тарату үшін шаруаларға қаржылық қолдау мен арнайы оқыту бағдарламалары қажет,-дейді ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.