Биылғы жылдың 10 қазанынан «Достық керуені» жобасы Шу ауданында өз жұмысын бастағаны белгілі. Бірегей жоба аясында жас суретшілер арасында «Бірлігіміз — әралуандылықта» атты көрме өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен шараға аудандағы мектеп оқушыларының тақырыпқа сай көркем суреттері қойылды.
Көрме барысында сөз сөйлеген Достық үйі Көрме залының жетекшісі – Жазира Шілдебаева шараның мақсаты — оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру, көпэтносты елімізді бейнелейтін суреттерді салғызу арқылы достықтың, татулық, бірліктің қадірін білуге баулу екенін атап өтті.
Көрме соңында жас суретшілердің ережеге сай салынған яғни Қазақстандағы бейбітшілік, татулықты бейнелейтін үздік картина иелері марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.