Елімізде жүріп жатқан «Жасыл аллея» ауқымды экологиялық жобасының нүктесі Тараз қаласында қойылды. Осыған дейін аталған іс шара аясында еліміздің түрлі қалаларында 12 акция ұйымдастырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 1000-нан астам қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды.
Бұл ауқымды экологиялық ағаш отырғызу науқаны Қазақстанның 12 қаласында өткен. Хоум Кредит Банкі Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Жезқазған, қазіргі Тараз қалаларында көгеріштендіру шараларын атқарды. Нәтижесінде құны 36 млн теңгені құрайтын 12 «Жасыл аллея» жасақталған. Оның біреуі Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университетінің алдынан орын тепті.
Көгалдандыру жұмыстарына банк қызметкерлеріне көмек көрсетуге банк серіктестері, әкімдік, «Жас ауыл» ЖҚ өкілдері, университет студенттері, қала белсенділері келді.
-Бүгін мен сүйікті Таразымызда ағаш отырғызып, көгалдандыруға өз үлесімді қостым. Шаһарымыз қашан да әдемі, әрі жасыл болған, біз оны сақтап қалуымыз керек. Мұндай жобалар қала мен оның экологиясы үшін маңызды.
Студенттердің осындай жобаларға қатысуы қуантады, өйткені бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың патриоттық әлеуетін арттыруға қосылған үлес деп санаймын.
«Біз қаланың барлық салада дамуына көмектесуіміз керек. Осындай жасыл бастама үшін ұйымдастырушыларға рахмет», — деді Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университеттің 2 курс студенті Назым Арыстанбек.
Акция барысында қатысушылардың экологиялық білімін шыңдайтын шағын сайыс та өткізді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек , Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметі бойынша, бір жетілген ағаш жылына орта есеппен 22 кг көмірқышқыл газын сіңіреді екен. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін, табиғи ауа тазартқышты қолданудың маңыздылығы арта түспек.
«Хоум Кредит Банк» Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының айтуынша, бұл ауқымды акцияның басты мақсаты – болашаққа қамқорлық.
-«Бүгін біз «Жасыл аллея» экологиялық жобамызды аяқтап жатырмыз. Таразда соңғы ағаш отырғызу жүріп жатыр.
Қала тарихи мәдениетке және қазақтың мәдени мұрасы мен салт-дәстүріне бай. Жасыл аллея жай ғана жоба емес, болашаққа деген қамқорлықтың белгісі. Бұл ағаштар көп жылдар бойы студенттер мен қала тұрғындарын қуанта береді деп сенемін,- деді Асхат Тоқсанбаев.
Айта кету керек, аталған ұйым осыған дейін Абай ауданында 1000 түп қарағай отырғызып, Семейдегі өртенген орманды қалпына келтіруге атсалысқан.