Жамбылда «Жас қыран» әскери спорттық байқау жеңімпаздары марапатталды

0 8
Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Жас қыран» әскери-спорттық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған байқауға “Жас ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік пен тәртіп қасиеттерін қалыптастыру.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, әскери оркестрдің орындауындағы патриоттық әндермен жалғасты. Сонымен қатар, Оқушылар сарайының үлгілі «Камертон» эстрадалық вокал студиясының тәрбиеленушілері «Туған жер» және «Отаным» әндерін орындады.
Байқау барысында білім алушылар өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын танытып, әскери-спорттық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсеткені үшін жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосып жүрген №01731 әскери бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.
«Жас қыран» әскери-спорттық байқауы жас буынның патриоттық рухын қалыптастырып, елжанды азамат тәрбиелеуге бағытталған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.