Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

0 0

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,07 долларға дейін түсіп, бір баррель мұнайдың бағасы 69,31 доллар болды. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,02 долларға арзандап, бір баррельдің бағасы 63,95 долларды құрады.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.