Қазақстанға 45 градустық аяз келе жатыр

0 1

Синоптиктер 22-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Синоптиктердің мәліметінше, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40 градус, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45 градус, күндіз -27-32 градус, кей жерлерде -35 градус аяз болады.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38 градус, күндіз -20-25 градус күтіледі.

Астанада 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40 градус, күндіз -27-32 градус аяз болуы мүмкін.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.