2017 жылы Жамбыл облысында 1 мыңнан астам адам құтқарылып, 1200-і қауіпсіз аймаққа көшірілген

0 0

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департамент 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, ТЖК аумақтық бөлімшелерімен халықты авариялар мен апатардан, табиғи апаттардан қорғау жолында көлемді жұмыстар атқарылған. Азаматтық қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты оқытып үйретуге бағытталған бірқатар жұмыстар іске асырылған.

Мәліметке сәйкес, құтқарушылар өткен жылы 4959 шұғыл шығуларды жүзеге асырған.  Нәтижесінде, 1054 адам құтқарылып, 63 адамға медициналық көмек көрсетілген. Сондай-ақ, төтенше жағдай орын алған аймақтан 1199 адам қауіпсіз орынға көшірілген.

Бір қуанары, аймақта түрлі себептермен болатын апаттар саны қысқарып келеді екен. Жыл бойы жасалған талғауға сәйкес, 2017 жылы төтенше жағдайлар мен оқиғалар 17 пайызға азайған. Тиісінше, зардап шеккендер – 23 пайызға, қаза болғандар саны – 27 пайызға кеміген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.