Н. Жүнісбеков кіші футбол турнирінің жеңімпаздарын қабылдады

0 19

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында кіші футболдан өткен турнирде жеңімпаз атанған жамбылдық журналистерді облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков қабылдады. Басқарма басшылығы журналистер құрамасын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, теңбілдоп турниріне «Оңтүстік» телеарнасы, блогерлер, «Медиа» құрамасы, «Уақыт» газеті, «Шардара» құрамасы және Жамбыл облысынан «Тараз» командасы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Тараз» командасы жеңіске жетіп, 150 мың теңге ақшалай сыйлықты қанжығаға байлады. Екінші орынды «Оңтүстік» телеарнасының футболшылары еншілеп, сыйлыққа 100 мың теңгені иеленді. Ал, жүлделі үшінші орынды «Медиа» командасы бағындырып, оларға 50 мың теңге сыйақы бұйырды. Ал, “Тараз” командасының ойыншысы Нұрмұхамед Мәулен турнирдің “Үздік шабуылшысы” атағын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.