28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

0 0

Қазақстанның барлық бөлігі антициклонның ықпалында болады, қар жаумайды. Алайда республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, боран болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап.

 Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 градусқа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау облысында жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күшті аяз болады. Қарағанды және Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де үскірік аяз болады деген болжам бар.

Дереккөз: Bag.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.