Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Смағұлова Ләззат Уақитқызы тағайындалды
Смағұлова Ләззат Уақитқызы 1970 жылы туған. Білімі – жоғары. 1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін «әлеуметтік, кеңестік құқық және тарих пәнінің мұғалімі» және 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
1992-1994 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында мұрағатшы, 1994-1998 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Құқықтық орталық» ЖШС-да заңгер, 1998-2001 жылдары Қазақ Мемлекеттік аграрлық университеті мен Салық полициясы Академиясында оқытушы, 2001-2002 жылдары Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бас маманы, 2002-2007 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы, есеп және кадр жұмысы басқармасының бастығы, 2007-2011 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші
хатшысы, «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның ішкі аудит қызметінің бастығы, 2011-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарған.