Адам сияқты сөйлейтін киттің алғашқы түрі пайда болды

0 8

Антиб провинциясында адам сияқты сөйлейтін қабілеті бар киттің алғашқы түрі пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент.net сайтына сілтеме жасап.

 Ғалымдар оған сәлемдесуді, үшке дейін санауды, дыбыстар шығаруды үйреткен. Proceedings of the Royal Society B журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, Вики есімді 14 жасар ұрғашы кит Франциядағы Marineland аквариумында тұрады.

Зерттеушілер Викиді дүниеге келгеннен бастап киттердің мінез-құлқын тануына арналған түрлі экперименттерге тартқан. Бастапқыда Вики қайталау командасын, содан кейін, ағылшын тіліндегі (hello, bye-bye, one, two) сөздерді айтып үйренген.

Вики жаңа сөзді 17 рет қайталағаннан кейін үйренеді екен.

Айта кетейік, киттер есту дыбыстарын сол қалпында жеткізе алатын жануарлардың бірегейі болып саналады.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.