Бурабайда бірнеше ірі кешен бой көтереді

0 6

Туризмге тікелей жауаптылар, халықаралық компания өкілдері отандық және шетелдік инвесторлар елордада бас қосты. Халықаралық форумға Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы мұрындық болды.

Ведомство ұйымдастырған келелі кеңесте отандық туризмді түлету және осы бағытта атқарылатын жұмыстар тілге тиек етілді. Бүгінде Бурабай курортты аймағын дамытудың үшінші кезеңі басталды. Биылдан бастап, аймаққа қосымша су, жылу желісі тартылып, жаңадан жол төселеді. Себебі 2023 жылға дейін бұл маңда бірталай зәулім кешендер салу жоспарда бар. Атап айтсақ, Бурабайда халықаралық жиын мен жоғарғы деңгейдегі концерт өткізілетін Конгресс орталығы және тау шаңғысы бой көтереді. Одан бөлек су жаңа аквапарк, 5 жұлдызды қонақ үйі мен мұз айдыны ашылады. Осылайша курортты аймақтағы демалыс құны қолжетімді бола түспек. Шетелдік инвесторларды да тарту көзделіп отыр.  Рашид Күзембаев «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы: — Жол салу, су, жылу желісін тартуға мемлекет ақша бөлсе демалыс орындарын ашуға біз инвесторларды барынша тартамыз. Негізінен отандық инвесторларға басымдық беріледі. Ал осы күні ресейлік, польшалық азаматтар да Бурабайға қатысты  түрлі жобалар  ұсынып, қызығушылық танытып отыр.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.