Елiмiздiң сақтандыру қызметiнде үлкен проблемалардың бар екенiне клиенттердiң шағымдары дәлел. Бұл туралы Мәжiлiс депутаты Сергей Симонов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Депутаттың айтуынша, осы проблемаларды шешу үшiн Үкiмет «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру және сақтандыру қызметi мәселерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын әзiрледi. Заң жобасының басты мақсаты — қаржы қызметiн тұтынушылардың сақтандыру қызметiн көрсететiндерге деген сенiмiн арттыру.
«Сондықтан, заң жобасы онлайн сақтандыру механизмiн енгiзудi, шетелге шығатын туристiң тәуекелдерiн сақтандыру жүйесiн қайта қарауды ұсынады. Онымен қоса, сақтандыру агенттерi жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мен сақтандыру омбудсменi қызметi саласын кеңейтудi ұсынады», — дедi Симонов.
Мәжiлiсменнiң айтуынша, сақтандыру қызметiнде үлкен проблемалардың бар екенiне клиенттердiң шағымдары дәлел. Олар сапасыз қызмет пен сақтандыру компанияларының шығындарды өтеуден бас тартуына наразы. Көптеген жағдайда сақтандырушылар сақтандыруға формальдылық деп қана қарайды.
Атап өтсек, бүгiн Мәжiлiс үйiнде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру және сақтандыру қызметi мәселерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң бойынша дөңгелек үстел өтiп жатыр.
Дереккөз: Baq.kz