«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәлімдеуінше, 6 ақпан күні атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының бірқатар аймағында тұман түсіп, Жалаңашкөлде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін ұйытқиды.
Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймағында боран, көктайғақ болып, түнде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман түседі деген болжам бар.
Дереккөз: Baq.kz