Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі ведомстволық жоспарды іске асыру аясында ағымдағы жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында мемлекеттік өрт бақылауды жүргізу тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде қабылданған шаралар туралы мәселеге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Тараз қаласы прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы өкілдері, Тараз қаласы ТЖ басқармасы, аудандық ТЖ бөлімдері бастықтары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Аталған кеңесте Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Талғат Сабиров, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы Мақсат Әкімбаев және оның орынбасары Мадияр Жатқанбаев, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Нұралы Ергебаев сөз сөйледі.
Талғат Сабиров, кәсіпкерлерге салмақты азайту аясында қауіп қатерді бағалау критерилері жетілдірілгендігі, өрт қауіпсіздігі саласындағы нақты талаптар тізімі көрсетілген әртүрлі санаттағы объектілерге арналған тексеру парақтары әзірленгендігі туралы атап өтті, сондай-ақ бақылаудағы субъектілердің қызметіне мемлекеттік араласуды және тексеру санын азайту жөніндегі қабылданған шаралар туралы айтты.
Мақсат Әкімбаев өзінің баяндамасында мемлекетті өрт бақылау жүргізу тәртібін және шаруашылық объектілерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізуді ұйымдастырудың барлық құқықтық негіздерін түсіндірді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді қызықтырған ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу үшін объективті және субъективті бағалау критерилерін қалыптасыру және ұқыпты кәсіпкерлерді тексеруден босату түріндегі ынталандыру формаларына толығарық тоқталды.
Мадияр Жатканбаев семинарға қатысушаларды рұқсат беру реформасымен таныстырды, яғни қазіргі таңда азаматтық қорғау органдарымен 4 мемлекеттік қызмет тікелей Төтенше жағдайлар комитетімен жүргізіледі, олар тек қана заңды тұлға ретінде құрылған, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізетін арнайы ұйымдарға көрсетіледі және көп тұрғындарға қажеттілігі жоқ.
Нұралы Ергебаев өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау тәртібін түсіндіру және олармен кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерулерді талдау, жарты жылдық тексеру графиктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру қажеттігі туралы өзінің пікірін білдірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қауіп қатерді азайту жөніндегі жұмысқа қарым қатынас жасайтынына дайындығын білдірді.
Жарты сағат ішінде сөз сөйлеушілермен кәсіпкерлердің, семинарға қатысушалардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Жалпы, семинар барысында облыс аумағында өрт қауіпсіздік жағдайына мемлекеттік бақылау жүргізу кезіндегі проблемалық мәселелер талқыланды, семинарға қатысушылардың ұсыныстары мәліметке алынды. Өз кезегінде, семинарға қатысушалар кәсіпкерлік субъектілерге қолдау көрсету жөнінде атқарылған жұмыстар аясында көтерілген өзекті мәселені қарағандығы үшін Төтенше жағдайлар басшылығына алғыс білдірді.