Талапқа сай келмейтін тағам көп

0 6

Бұл мәліметтер Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткізген баспасөз-конференциясында белгілі болды. Өткен жылы жалпы соммасы 3 500 000 теңгеге 252 сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде 3600 астам тағам өнімдері мен халық тұтынатын тауар өнімдерінің үлгілері сатып алынған. Олардың 479 — ы Кедендік Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді. Тағам өнімдерінің 3072 үлгісі сатып алынса, олардың 322-і сәйкес емес болып шықты. Халық тұтынатын тауар өнімдерінен 565 үлгі алынған, оның ішінде сәйкес келмегені – 157. Талапқа сай емес өнімдердің басым бөлігі – сырттан әкелінгендері. Шекара асып келгендердің 72% — ы сынамадан оңды нәтиже көрсетпеген. Мәселен, Ресей Федерациясының өнімдерінен — 1050 үлгі алынса, 30 талапқа сай емес. Алатаудың арғы жағындағы қырғыз ағайыннан келген тауардың да басым бөлігі сәйкес емес. 144 үлгінің 84-інің нәтижесі нашар болып шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.