700 тонна тағам өнімдері кері қайтарылды

0 0

2017 жылдың 4 қарашасы мен 2018 жылдың 29 қаңтары аралығында Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мобильді топтарымен күшейтілген лабараториялық бақылау жүргізілді. Тексеру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-елдерден кіргізілетін тауарларға жасалған. Кезекшілік жүргізу уақытында Қызмет мамандарымен 4410 автотранспорттық құралдар тексерілді. Нәтижесінде, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болмауы себебімен 554 119 кг көкөністер мен жемістер, жеміс қақтары, 60 215 кг жарма өнімдері, 58 100 кг кондитерлік өнімдер, 7 148 кг ет өнімдері және 16 583 кг өзге де тағам кері қайтарылды. Жалпы алғанда 700 тонна тағам өнімдерін сауда сөрелеріне қоюға рұқсат берілмеген. Департамент мамандары кезекшілік атқару кезінде тыйым салынған өнімдердің шекарадан өтуінің алдын алған, атап айтқанда: жалпы көлемі 3,5 тоннаны құраған «Риха» ОсОО өндірген шұжық өнімдері, «Куликовский кондитерлік үйінің» 20 тонна кондитерлік өнімі және «Ата» ЛТД» 35 тоннадан астам кондитерлік өнімі. Сондай-ақ, жеңілөнеркәсіптік тауарлар да: 362 спорт костюмдері, 373 аяқ киім, 300 000 дана мақта-мата және трикотажды футболкалар мен жейделер талапқа сай болмағандықтан кері қайтарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.