Бизнес омбудсмен көмекке асығады

0 9

2018 жылы 19-шы ақпанда Қазақстанда «Бизнес-омбудсмен» институтының құрылғанына 2 жыл болады. Институттың қызметін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді, ал өңірлерде арнайы өкілдіктері бар. Омбудсменнің аймақтағы жұмысы қалай жүргізілуде? Жамбыл облысы бойынша институттың жұмысын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Сыдықов айтып берді.

«Бизнес-омбудсмен – Қазақстан үшін жаңа институт. Оның биік мәртебесі мен кең өкілеттілігі қазақстандық бизнестің жүйелік мәселелерімен, шенеуніктердің өктемдігімен және заңнаманың жетілдірілмеген тұстарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді. 2016 жылы маусым айында Қазақстанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Жамбыл облысына келді. Жұмыс сапары барысында облыс әкімімен және прокурормен кездесіп, онда өңірдегі кәсіпкерлердің көкейкесті мәселелерін талқыға салды. Облыстың мемлекеттік органдарының басшылары мен бизнес субъектілерінің қатысуымен өткен Палатаның және Өңірлік кеңес Төрағасының қатысуымен есеп беру жиынын өткізді. Кездесудің нәтижесінде ҰКП департамент директорлары кәсіпкерлерді қабылдап, сұрақтарын тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді» — дейді Қайрат Сыдықов.

Бизнес-омбудсмен сектор аппаратымен көтерілген мәселелер оң шешілді. Мысалыға, «Умтыл» шаруа қожалығына мемлекеттік субсидия төленді, Амантай Досмуханбетұлы жеке кәсіпкеріне банкттің кепіліндегі мүлікті босатуға жәрдем көрсетілді.

Осы орайда, «Пико» ЖШС директоры Анатолий Пактың жүгінуіне толығырақ тоқталып кетсе болады. Серіктестіктің директоры Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен жеке кездесуінде құрылыс павильондарына арналған жер учаскелерінің жалға берілу мерзімін ұзарту төңірегінде туындаған проблемасын айтты.

2015 жылдың шілдесінде қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартып, 30 күн ішінде павильондарды бұзу туралы хабарлама жолдайды. Алайда, хабарландыру келердін алдында сауда нысандары тұрғызылып қойған болатын. Себептердің қатарында бұрындары жер комиссиясының қорытындысы бола тұра, ЖШС-не әкімдікпен құқық белгілейтін құжаттардың рәсімделмеуі бар. Әр сатыларда кедергілер басталған соң, нәтижесінде іс насырға шауып, сотқа дейін жетті. Бұл іске бизнес-омбудсмен секторы қосылып, ЖШС мүддесін ұсына бастады. Жағдай

сараптамалық сатыдан өтіп, мемлекеттік органдарға хаттар мен өтініштер әзірленді, талап-арыздардың жобасы дайындалды. Бірқатар сот процесстері кейін Жамбыл облысының мамандарылған экономикалық сотының шешімімен 2017 жылдың наурыз айында «ПИКО» ЖШС-не қатысты жанжалды қаулы заңсыз деп танылды. Бүгінде серіктестікте қалалық жер комиссиясының 6 жылға жалға беру мерзімін созу туралы оң қорытындысы бар. Қарымы мол, қауқары зор институт осылайша тараздық кәсіпкерге көмектесті.

Айту кету керек, өткен жылы Кәсіпкерлер палатасында 54 өтініш оң шешімін тапты.

Ақбота Батырбекова

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.