Басы дауға қалған Төреғали Төреәлі өлең арқылы кешірім сұрады
Павлодарда өткен концертте ерсі сөз айтып, қарапайым қарашаға дөрекелігін көрсетіп, дүйім жұртты дүр сілкіндірген Төреғали, енді Қоразбаевтың көңілін қалдырған.
«Төреғалисыз да менің концертім өткен. Талай-талай концерттерім өткен. Енді, ол жігіттің әкесі екеуінің істеп кеткені қиянаттау болды кішкене. Бір тиын-тебен үшін мені айырбастап кеткені үшін мен емес, менің елім кешірмейтін шығар оны», — дейді ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.
«Иә, Төреғали келмеді»- деп Алтынбек Қоразбаевтың тауы шағылған жоқ. Халық әртісінің 70 жылдық мерейтойы абыроймен өтті. Қасында қос шәкірті Тоқтар мен Мейрамбек бар. Ал, Бесбаев өз ұстазын ренжіткен Төрешпен жеке сөйлесіп, мәселенің анық-қанығын алдағы уақытта хабарлауға уәде берді. Бұл туралы НТК арнасының «РЕВЮ» бағдаламасы айтқан.
Осы жайттың бәрінен кейін, өз қателігін түсінсе керек Төреғали жеке парақшасында өлең жолдарымен кешірім сұрады.
“Сөз беремін, мен енді өзгеремін.
Отаным жоқ өзіңнен өзге менің.
Төз дегенің, еліңнен оз дегенің,
Сол менің көздегенім.
кешірім сұрағаным
Өз арым, өз беделім!”, – дейді әнші.