Головкин мен Альварес реванш өтетін орынды анықтады

0 6

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин Лас-Вегаста өтетін кездесу-реваншқа қатысты пікір білдірді деп ҚазАқпарат хабарлады

«Вегаста кездескеше, достар. Қолдауларыңызға рахмет!», — деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында ол екінші кездесуде жеңіске жетуді көздеп отырғанын мәлім етті.

«Бұл жолы төрешілердің шешіміне қатысты күмән болмайды. Бұл мен үшін және T-Mobile Arena үшін ерекше түн болады»,-деп келтіреді GGG -дің сөзін BoxingInsider.com.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өз кезегінде Геннадий Головкинге қарсы кездесу өткізу үшін T-Mobile Arena-ға төртінші рет бара жатқанына қуанатынын жеткізді.

«Бокс әлеміне есік ашқан бұл жер менің сүйікті аренама айналып үлгерді. Жекпе-жек осы жерде басталды, мен оны тап осы жерде аяқтаймын. Мен және менің жанкүйерлерім тағатсыздана күтіп отырған жағдай болады, мен оны нокаутқа жіберем!» деп келтіреді «Канелоның» сөзін BoxingInsider.com.

Айта кетейік, бокс саңлақтарының алғашқы кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті және ол теңдей аяқталды және бұл шешім төрешілер арасында дау тудырды. Головкин мен Альварес арасындағы келесі кездесу 5 мамыра сол аренада өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.