Елімізде кейбір мамандыққа міндетті сақтандыру енгізілмек

0 15

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев таныстырған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында елде кейбір мамандыққа міндеттелген сақтандыруды енгізу көзделген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Міндеттелген сақтандыру деген не? Ол – белгілі бір мамандық бойынша міндетті болып табылатын сақтандыру. Бірақ оның шарттары тікелей заңмен емес сақтандыру компаниясы және оның клиентінің арасындағы шартпен анықталады. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандырудың барлық шарттары, тарифтер мен төлемдер, тікелей жекелеген заңдарда белгіленеді. Мұндай тәсіл, стандартты және жаппай сақтандыру түрлеріне негізделген», — деді ол.

Ол сақтандырудың жекелеген түрлерінде клиенттің тәуекеліне байланысты жекелей көзқарас пен икемділіктің қажет екенін атап өтті.

«Міндеттелген сақтандыруды енгізу сақтандыру компаниясына және оның клиентіне келісімшарт пен икемді сақтандыру шарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тәуекелдердің нақты тізімін анықтау арқылы клиенттерге дұрыс тарифтер белгілеуге болады. Клиентке деген жеке көзқарас осы міндеттелген сақтандырудың негізгі артықшылығы болады», — деді Данияр Ақышев.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.