27 ақпан күні жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан 6 автокөлік жолын су басты, деп хабарлады 24.kz
Қозғалыс шектелген жоқ, «Қазақавтодор» РМК суды бұру және құбырлы жолдарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізуде:
Жамбыл ауданы, 134 км республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» жолы.
Еңбекшіқазақ ауданы, 30 км Алматы-Көкпек-Көктал республикалық маңызы бар жол.Талғар ауданы, 64 км «Алматы-Талғар» республикалық маңызы бар жол.
Қарасай ауданы, 22,25,43 км Алматы-Жандосов атындағы республикалық маңызы бар жол.