Көкшетауда инклюзивті білім беру орталығы жұмысын бастады

0 18

Көкшетауда 30 шақты студент негізгі сабағынан тыс уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға дәріс берудің қыр-сырын меңгеріп жүр, деп 24. kz хабарлады.

Әзірге бұл студенттер осында алған теориялық білімдерін мүгедек балалардың арнайы бейімдеу орталықтарында тәжірибеден өту арқылы шыңдап келеді. Жалпы бұл орталық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы дала жастары» жобасының аясында ашылған.  Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысында 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың 1 мыңнан астамы колледждерде оқиды. Сала мамандары оларға білім беретін арнайы педагогтардың көп болғаны дұрыс екенін айтуда.

Салтанат Жақсыбаева, студент:

– Мен әр түрлі категориядағы балалармен жұмыс істеп көрдім. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуға деген құштарлығын жақсы білем. Біз осыған дейін қаладағы мектеп-интернаттарға бардық. Бұл – біз үшін үлкен тәжірибе. Себебі 2019 жылдан бастап елімізде инклюзивті білім беру басталады. Сол үшін біз дайын болуымыз керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.