Туристік жолдамамен шетелде жүрген азаматтарымызды толық сақтандыру қажет

0 0

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста сақтандыру қызметі бойынша түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп qamshy.kz хабарлады. 

Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар шетелге шығатын кездегі туристі сақтандыру мәселесіне назар аударды. Халық қалаулыларының пікірінше, шетелге шыққанда туристер өз проблемаларымен өздері ғана қалмауы керек.

–Біздің көптеген азаматтарымыз қазіргі уақытта өз демалыстарын туристік жолдама бойынша шетелде өткізеді. Әрине, ол жақта жүрген кезде әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ауырып қалады немесе басқа жағдайлар орын алуы мүмкін. Бірақ та, ең бастысы — туристік жолдама бойынша шетелде жүрген азаматтарымызды осы кезеңде толықтай сақтандыру қажет. Сондықтан, осы мәселені екінші оқылымға дейін қарауымыз қажет, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Қолданыстағы заң негізінен туристің емес, туроператор мен турагенттің мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған болатын.

Ендігі жерде, осы заң жобасына сәйкес, қазақстандық туристерді қорғау мақсатында туристік фирмалар шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру көзделетін болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.