Түрікменстанда әйелдер 8 наурызға 40 манаттан алады

0 0

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердимухамедов 8 наурыз мерекесіне орай, елдегі әйелдерге 40 манат (шамамен 3 800 теңге) беру туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі жергілікті Алтын асыр телеарнасына сілтеме жасап.

Гурбангулы Бердимухамедов осы жарлыққа қол қойғаннан кейін Әйелдердің халықаралық мерекесіне орай 1-6 наурыз аралығында елдегі қыз-келіншектер ақшалай сыйлықақы алатынын жеткізді.

«Түрікменстан президенті атынан кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, сондай-ақ зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдерге, студенттер мен оқушыларға 40 манат ақшалай сыйақы салтанатты түрде табысталады», — делінген телеарнаның хабарламасында.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.